Аспаннан адам құлады

АСТАНА. 7 қаңтар. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясында оғаш оқиға орын алды. Аспаннан бөлшектенген адам денесі құлаған.

Аспаннан адам құлады

Джидда қаласының тұрғыны полицияға барып, аспаннан жолдың қиылысына адам денесінің қалдықтары құлағанын өз көзімен көргенін айтқан, деп хабарлады AFR.

Алдын ала тергеу адамның ұшақтан құлағанын көрсетті. Бұл әрекетке барған адам шекарадан өту үшін ұшақтың доңғалағы бекітілген құрылғының бөлігіне кірген болуы керек.