15:30, 06 Наурыз 2009 | GMT +5
Аспирин дәрісінің ойлап табылғанына - 110 жыл
МӘСКЕУ. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат - Ғаламшардағы ең танымал, бүгінде көбіне Bayer маркасымен шығатын аспирин дәрісіне бүгін 110 жыл толады,
делінген Bayer HealthCare AG компаниясының баспасөз баянында. Ежелгі римдіктер талдың қабығын (соның негізінде кейіннен аспирин жасалған) науқастар мен жаралылардың ауырсынуларын басуға пайдаланған екен. Біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында Диоскур деген дәрігер тал қабығынан жасалған қайнатпаны тұз байланатын ауру мен сарп ауруын емдеу үшін пайдалануға кеңес берген екен. Ежелгі грек дәрігері Гиппократ та талдың қабығын ауырсынуды басатын және дене қызуын түсіретін дәрілерді жасауға пайдаланған. ХІХ ғасырдың соңында Bayer компаниясының фармацевті Феликс Хоффман сарып ауруымен ауыратын өзінің қарт әкесінің ауруын жеңілдете алатын дәрі жасау үшін зерттеулермен айналысқан. Ұзаққа созылған зерттеулерден кейін Хоффман жаңалық ашқан: ол ацетилсалицил қышқылы мен сірке қышқылынан сәтті қоспа дайындаған. 1888 жылы Берлиндегі Императорлық патенттік ведомство тіркегеннен кейін жаңа дәрі «Аспирин» деген сауда маркасымен сатуға шығарылған. Дәрінің атауы екі сөзден құрастырылған: «а» - ацетил сөзі, ал «спир» - spiraea сөзі? алғаш рет химиялық жолмен салицилді қышқыл бөліп алынған тобылғы тал сөзінің латынша атауы.