Ассамблея өкілдері түзету мекемесінде концерт қойып, сыйлық таратты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Бүгін Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЗК-169/5 түзету мекемесі мен ЗК-169/1 уақытша ұстау абақтысында Алғыс айту күніне орай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі Ассамблеяға сілтеме жасап.

Ассамблея өкілдері түзету мекемесінде концерт қойып, сыйлық таратты

Оған «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігінің, «Lev ami» еврей этномәдени бірлестігінің, «Беркат» шешен этномәдени бірлестігінің мүшелері, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, 200-ден астам жазасын өтеуші және уақытша ұстау изоляторына жеткізілген азаматтар қатысты.
null 

Шарада «Славяне» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова кездесуге қатысушыларды Алғыс айту күнімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Сондай-ақ, «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Ержан Уәйіс: «Алғыс айту күні барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған күн деп білемін. Бұл - тағдыр тәлкегімен Қазақстан аумағына еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына тағзым ететін күн. Мерейлі мереке баршаңызға құтты болсын», - деп атап өтті.

null 

Өз кезегінде этномәдени бірлестік мүшелері мерекеге арнап концерт қойды. Ал, ЗК-169/5 түзету мекемесі мен ЗК-169/1 уақытша ұстау абақтысы тарапынан келген қонақтарға сыйлық берілді.

null