Ассамблея жұмысының нәтижесі еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықтан көрініс тауып отыр - Ю. Тимощенко
Бүгін Парламент Мәжілісіндегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының Еуразия ұлттық университетінде өткен көшпелі отырысында Мәжіліс депутаты Юрий Тимощенко осылай мәлімдеді.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының басты нәтижесі - еліміздегі бейбітшілік пен бірлік, татулық пен тұрақтылық. Келісім мен бейбітшілік арқасында елімізде тұрақтылық сақталып, Қазақстандағы халықтар мемелкеттік тілді де, өз ана тілдерін де меңгеруге мүмкіндік алып отыр. Соның ішінде Қазақстан - өзінің қаражаты арқылы мемлекеттік тілді оқытып келе жатқан бірден бір мемлекет», - деді депутат Ю.Тимощенко.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда барлық этнос өкілдерінің мәдениеті сақталып, дамуы үшін барлық жағдайлар жасалған. Ал өңірлерде қалыптасып жатқан «Достық үйі» Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын одан әрі жетілдіруге жәрдемші болады.