Ассанж өлім жазасына кесіліп, Интернеттен аласталуы мүмкін

АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Ассанж Лондон сотында жеңіліс тауып, Швецияға экстрадицияланатын болды. Оның қорғаушыларының апелляция беруге жеті күні бар.

Ассанж өлім жазасына кесіліп, Интернеттен аласталуы мүмкін

Алайда, сарапшылардың айтуынша, істің түбі жеңіліске ұшырауы мүмкін, деп хабарлады "Вести ФМ" радиосы.

Белмарште сот ғимараты алдына Джулиан Ассанж таңертең күлімсіреп келген болатын. Ал бір сағаттан кейін ойынның біткені белгілі болды. «Викиликстің» негізін қалаушысын Швецияға қайтару шешімін қабылдағанда судья Хоуард Риддл қорғаушылардың дәлелін күл-талқан еткен болатын. Процесс барысында Ассанж қорғаушылары Швецияның тұтқынға алу ордерін бұзушылықтармен бергенін алға тартты. Ал зорлауға қатысы бар деген айып болса жалған, әрі Ассанжға реніш білдірген әйелдердің қастандығы болып саналады. Бірақ Лондон соты бұл ақиқат деп шешім қабылдады. Швецияның австралиялықты кері қайтарып алуына толық негіздемесі бар және ол қанағаттандырылады.

2003 жылдан бері Еуроодақтың барлық елдерінде экстрадициялаудың жаңа ережелері жүзеге асырылып келеді, осы айыпталулар бойынша адамдар тез әрі қарапайым түрде беріледі. Өткен жылдың ішінде Британиядан Еуропаның өзге елдерінің сұрауымен 700 адам кері қайтарылған болатын. Осы жылы солардың қатарына «Викиликстің» негізін қалаушы қосылуы мүмкін. Сот шешіміне сәйкес, егер апелляция қабылданбаса, Ассанж Стокгольмге 10 күннің ішінде жіберіледі.