18:46, 04 Ақпан 2025 | GMT +5
Астан уланған бүлдіршіндер ауруханадан шықты
АҚТАУ. KAZINFORM – Маңғыстаудағы Қызылсай ауылында балабақшадан ауырып, ауруханаға түскен 3 бүлдіршін мен 1 ересек үйлеріне жіберілді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров мәлемдеді.

Алайда балалардың нақты неден уланғаны әзірге белгісіз күйінде қалып отыр. Талдау қорытындысы әлі шыққан жоқ.
- Медициналық көмекке жүгінген 37 адамның 7-еуі – ересек, қалғандары – балалар, яғни 3-5 жас аралығындағы бүлдіршіндер. Оларда құсу, іш өту, іш ауыру белгілері болған. Ауруханаға жатқызылған төрт науқас жағдайлары жақсарып, үйлеріне жіберілді, - дейді басқарма басшысы.
Еске салайық, 31 қаңтар күні Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылында балабақша тәрбиеленушілері жаппай астан уланып, жедел-жәрдем шақырған.