«Астана-2009» халықаралық авторлық әндер фестиваліне 3 мыңға тарта көрермен қатысады деп күтілуде - ұйымдастырушылар

АНА. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат /Гүлнар Жандағұлова/ - Шілденің 24-і мен 26-сы күндері елордада «Астана-2009» халықаралық авторлық әндер фестивалі өтеді,

«Астана-2009» халықаралық авторлық әндер фестиваліне 3 мыңға тарта көрермен қатысады деп күтілуде - ұйымдастырушылар

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

   Биылғы жылы фестивальге   «классикалық»  бағыттағы әндерді орындайтын Раиса Нур (МӘСКЕУ), белгілі бард-әзілкеші Владимир Байрак (Воронеж) қатыспақ. В.Байрак - «Не? Қайда? Қашан?» ойынын жүргізуші.  Фестиваль сахнасында алғаш рет Невадағы қаладан Насибуллин-Багинская дуэті ән шырқайды. Фестивальді ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы фестивальға қатысушылардың 30-40 пайызға жуығы - дебютанттар. Бүгінде Астананың үш қалалық мектебінде авторлық әндер сабақтары ұйымдастырылған.

Фестивальдің мәдени бағдарламасын ұйымдастыруға Астана қалалық мәдениет басқармасы 1 млн. 800 мың теңге бөліп отыр. Фестиваль әндерін сүюшілердің лагері Қарағанды күрежолының 17-ші   шақырымында  орналасады.