«Астана» 2017 жылға Әлемдік тур лицензиясын алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» 2017 жылға Әлемдік тур лицензиясын алды, деп жазады Sports.kz.
Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) Лицензиялар бойынша комиссиясы барлық талаптарға сәйкес (әкімшілік, этикалық, қаржылық және спорттық) 17 командаға Әлемдік тур лицензиясын беретінін хабарлады.
Лицензия алған ұжымдар қатарында қазақстандық «Астана» да бар.
Командалардың толық тізімі:
«Ag2R La Mondiale» (Франция);
«Astana Pro Team» (Қазақстан);
«BMC Racing Team» (АҚШ);
«Bora - Hansgrohe» (Германия);
«Cannondale Drapac Pro Cycling Team» (АҚШ);
«Team Dimension Data» (ОАР);
«Quick - Step Floors» (Бельгия);
FDJ (Франция);
«Lotto Soudal» (Бельгия);
«Movistar Team» (Испания);
«Orica - BikeExchange» (Австралия);
«Bahrain-Merida» (Бахрейн);
«Team Katusha Alpecin» (Швейцария);
«Team Lotto Nl - Jumbo» (Нидерланды);
«Team Sky» (Ұлыбритания);
«Team Sunweb» (Германия);
«Trek Segafredo» (АҚШ).