АСТАНА. 3 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында кадрлық өзгерістер жүргізілді, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының Өкімімен Бас прокурордың орынбасары лауазымына Нұрмаханбет Молдалыұлы Исаев тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша Бас прокурордың бұйрығымен Алматы қаласының прокуроры лауазымына Берік Ноғайұлы Асылов тағайындалды.