Астана афишасы: Апта ішінде қайда баруға болады
Тәуелсіздік сарайында 26 қараша - 31 желтоқсан күндері бірнеше көрме ұйымдастырылады. Көрме залдары 10.00-18.00 аралығында жұмыс істейді.
27 қарашада сағат 11.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры «Ер Төстік» халық ертегісін қояды.
Сондай-ақ, бұл күні 17.00-де «Жастар» сарайында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Азаттық - ұлттың ары, Елбасы - елдің бағы» концерті өтеді.
Сағат 19.00-де «Астана» концерт залында Ресей эстрадасының әншісі Александр Розенбаумның концерті басталады.
Ал 20.00-де ЭКСПО аумағындағы «Nomad city hall» концерт залында ресейлік актер Дмитрий Дюжевтің қатысуымен А. Пушкиннің «Евгений Онегин» қойылымы өтеді.
28 қараша күні 10.00-де ЭКСПО аумағындағы Конгресс орталығында щахматтан республикалық блиц-турнир басталады.
Сағат 11.00-де «Жастар» сарайында М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры Н. Гернеттің «Аладдиннің сиқырлы шамы» ертегісін қояды.
Сағат 18.30-да Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында драматург Роза Мұқанованың «Сарра» драмасы басталады.
19.00-де «Астана» концерт залында Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Кездер-ай» ретро-концерті өтеді.
29 қараша күні 19.00-де «Астана» концерт залында Астана Мемлекеттік академиялық филармониясы халық әні бөлімінің жеке орындаушылары, «Сарыарқа» халық музыкалық ансамблі және «Шалқыма» халық би ансамблінің «Семей әуендері» концерті өтеді.
Бұл уақытта «Жастар» сарайында М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры «Томирис - сақ патшайымы» эпикалық драмасын көрсетеді.
Ал 21:50-де «Астана Арена» стадионында Лига Европа УЕФА топтық кезеңі футболдан «Астана» ФК - «Динамо Киев» ФК (Украина) командалар арасында матч өтеді.
30 қараша күні 10.00-де Отан қорғаушылар монумент алаңында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Астана-Алматы» шеруі өтеді.
Сағат 10.00-де «Барыс» спорт кешенінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай 2005-2006 жылы туған спортшылардың шайбалы хоккейден матчтық кездесуі басталады.
Сағат 19.00-де «Жастар» сарайында «Business Lady Qazaqstan» республикалық байқауы өтеді.
19.30-да «Астана» концерт залында Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясы симфониялық оркестрінің концерті басталады.
1-2 желтоқсан күндері сағат 12.00 және 14.00де Қуыршақтар театрында И. Миччидің «Арыстан патша» ертегісі қойылады.
1 желтоқсан күні сағат 15:00-де «Nomad city hall» концерт залында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Жаңа дәуір - жарқын болашақ!» атты мерекелік концерт өтеді.
Бұл күні 17.00-де «Барыс» ХК - «Автомобилист» ХК командалары арасында 2018-2019 маусымның ҚХЛ чемпионаты болады.
Сондай-ақ, 17.00-де «Астана» концерт залында «Елімнің жүрегі - Астана» атты концерт басталады.
Сағат 19.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында Қазақстан эстрадасының әншісіМөлдір Әуелбекованың «Туған ел» концерті басталады.
2 желтоқсанда сағат 10.00-де «Жастар» сарайында «Королева Виктория» II Халықаралық балалар мен жастар шығармашылығы фестивалі өтеді.
Бұл күні 17.00-де «Астана» концерт залында Астана Мемлекеттік академиялық филармониясы халық әні бөлімі және «Қорқыт» дәстүрлі саз тобының «Жыр әлемі» концерті өтеді.
2 желтоқсан күні «Қазақстан» орталық концерт залында Қайрат Нұртастың «Нағыз еркек» атты концерті басталады.