Астана әкімдігі 55 бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырмақ

Астана қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин бюджеттік-инвестициялық жобалар мүлкін коммуналдық меншікке беру барысы туралы мәлім етті.
«2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 5,5 млрд теңге бюджеттік-инвестициялық жобалар мүлкі қабылданды. Ал 2004-2015 жылдардағы проблемалық жобалар қабылданған жоқ», - деп атап өтті А. Әмрин әкімдікте өткен жиында.
22 қаңтарда Астана әкімі 2019 жылғы бюджеттік-инвестициялық жобалар (БИЖ) тізбесін бекітті. Сондай-ақ әкімдік 55 бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлаған. Қазіргі таңда 23 жоба бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілуде. Сонымен қатар, БИЖ-дің 21 жобасы әзірге хабарланбаған.
«Хабарландырулар болмауының негізгі себептері мемлекеттік сараптама қорытындысын, қазынашылық сүйемелдеумен жобалар тізіміне қосу кешігуде, жер учаскелері және жобалардың құнына түзетулер енгізу мәселелері шешілмеген», - деді қала әкімінің орынбасары.
Сонымен қатар, 11 жобаның тізбеден алынуына байланысты мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізілмейді.
«2019 жылдың жоспарына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу жөнінде белсенді жұмыс жүргізілуде», - деп атап өтті Ә.Әмрин.