Астана әкімдігі A/H1N1 тұмауын емдейтін дәрі-дәрмектер мен вирустан қорғану құралдарын сатып алуға 149 миллион теңге бөледі

АНА.  Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат /Айгүл  Түлекбаева/ -   Астана әкімдігі  A/H1N1 тұмауын емдейтін дәрі-дәрмектер мен  вирустан қорғану   құралдарын   сатып  алуға 149 миллион  теңге бөледі,  деп хабарлады  доңыз тұмауымен  күресу  жөніндегі  штабтың     бүгін  Үкіметте  өткен кеңесінде   елорда  әкімінің орынбасары Әмірхан  Рахымжанов.

Астана әкімдігі  A/H1N1 тұмауын емдейтін дәрі-дәрмектер мен  вирустан қорғану   құралдарын   сатып  алуға 149 миллион  теңге бөледі

«Әкімдік  қорының    резервтерінен    жалпы  сомасы  149 миллион теңгенің  қаражатын   бөлу  туралы шешім қабылданды,    оның ішінде емхана және  стационар қызметкерлерінің  қорғану    құралдарына - 31,8 миллион  теңге,    дәрілік  заттарды   сатып  алуға - 117,7 миллион  теңге  қарастырылады»,  деді    әкімнің  орынбасары өз сөзінде.