Астана әкімдігі әкімшілік шығындарды қысқартады

Сондай-ақ, медициналық қызметтердің сапасын арттыру және азаматтар үшін жайлы ортаны қамтамасыз ету мақсатында жаңа қоғамдық бақылау құралдарын енгізу көзделген.
«Медициналық қызмет көрсету саласын жаңғыртумен бастапқы медициналық-санитарлық көмектің барлық орталықтары қамтылған. Жаңғырту қаржы шығыстарын оңтайландыру аясында өткізілген. Өткен жылы барлық емханаларда қосалқы қызмет түрлері аутсорсинг берілді, ол шамамен 300 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік берді. Үнемделген қаражат есебінен емханаларда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін цифрлық ақпараттық дүңгіршектер, навигация жүйесі, балалар алаңы, бірыңғай брендбук, тіркеу орны, су диспенсерлері және ең бастысы - ішкі құжаттар мен пациенттердің амбулаторлық карталары электрондық үлгіге ауысты», - деді жоба менеджері Руслан Жүсіпов.
Сондай-ақ, білім беру мекемелерінің әкімшілік шығыстарын оңтайландыру, білім беру мекемелерінде ақша жинау бойынша шағымдар санын азайту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Жастар жылы аясында жастар мәдениетін арттыру және өмір сүру сапасын жақсарту үшін жобаға жастарды белсене тарту жоспарлануда.