Астана әкімдігі алаяқ таксишілерді анықтауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігі «ASTANATAXI» бірыңғай қалалық қызметіне енбейтін жалған таксишілерді әшкерелеуде. Бұл туралы Астана қаласының медиа орталығынан хабарлады.
None
None

Бүгінде Астанада 14 таксомоторлы компания бар. Олардың 6-ауы ғана «ASTANATAXI» бірыңғай қалалық қызметіне енген, олар - ZHeBe, ЭКО, Аруна, Тұмар, Drivers, Vector.  Яғни қалада қызмет көрсететін таксопарктердің барлығы бірыңғай қалалық қызметтің қатысушылары емес.  

Бірыңғай қалалық қызметтің қатысушылары әзірленген бағдарламалардың барлық артықшылықтарын пайдаланады, көлік сатып алуда жеңілдіктерге ие болу мүмкіндіктері бар, сондай-ақ жеңілдікпен мөлшерлеме бойынша сатып алуды жүзеге асырып, әуежай және теміржол аумағына кіріп, бөлінген автобус жолақтарымен пайдалана алады. 

Алайда көліктердің сыртқы түрі ғана «ASTANATAXI»-ге ұқсайды, ал шын жүзінде таксометр, бірыңғай бекітілген тарифтердің сақталуы сияқты бағдарламаның негізгі шарттары орындалмайды. Ол өз алдына халық арасында дау-дамай тудырады. Осыйлайша Астана қ. көлік басқармасының таксомоторлы компаниялармен келісімшарттарды тіркеуде бұзушылықтар анықталған. Атап айтқанда олар компания мәліметтерін бірыңғай call-орталыққа қосу бойынша жұмыстардан бас тартқан, бірыңғай қалалық тарифті сақтамаған.

Таксомоторлы компанияларды тіркеудің артуы ЭКСПО көрмесін өткізуге байланысты болып отыр.

Талдау жұмыстары барысында көлікті сыртқы безендіруде Astana Taxi-дің үлгісін қолданып келген көліктер анықталды. Дегенмен безендірудің сапасы өте нашар, түпнұсқаға сәйкес келмейді, бірыңғай емес шрифтер (әріптер) пайдаланылған, эскиз элементтері белгіленбеген жерде орнатылған. Көптеген көліктер техникалық талаптарға сай емес.

Мәселен, ЭКСПО кезінде жолаушылар тасымалына сұраныс жоғары болғандықтан «СитиКаб» компаниясы  Алматыдан Астанаға көшті, дегенмен Жолаушылар көлігі басқармасында тіркеуден өтпеген. Компания ЭКСПО және Мега SilkWay аумағында қызмет көрсетеді. Мұндай фактілер  Astana Taxi бағдарламасына кері ықпалын тигізуде.

Сонымен қатар Astana Taxi бағдарламасына енген таксомоторлы компаниялардың жүргізушілері арасында бірыңғай тариф бойынша қызмет көрсетуден бас тарту фактілері анықталды. Сараптама барысында көптеген жүргізушілер таксометрларды қоспайтыны белгілі болды.

Келтірілген барлық фактілерді ескере отырып, әкімдік бұл мәселені либералды және нарықтық жолмен шешудің бірнеше ұсынысын жасады: соңғы 3 айда Жолаушылар көлігі басқармасында тіркелген барлық таксомоторлы компанияларды «Astana Taxi»-ға қосу, көліктердің автобус жолақтары бойынша жүруін тіркеу мақсатында бейнебақылау жүргізу және тағы басқа шаралар. 

Қала басшысы Әсет Исекешев Жолаушылар көлігі басқармасына елордалық Мемлекеттік кірістер департаментімен және Ішкі істер департаментімен бірігіп, таксомоторлы компаниялар арасында алаяқтық фактілерді әшкерелеу бойынша рейд жұмыстарын жүргізуді тапсырды. 

Соңғы жаңалықтар