Астана әкімдігі Алматы облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде біркүндік жалақыларын аударды

АСТАНА. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Астана әкімдігінің қызметкерлері Алматы облысының Ақсу ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде біркүндік жалақыларын аударды.

Астана әкімдігі   Алматы облысындағы  су   тасқынынан  зардап шеккендерге көмек  ретінде біркүндік жалақыларын  аударды

Бұл қайырымдылық шарасына 1 мыңдай адам атсалысты, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Әкімдік таратқан мәлімдемеде атап көрсетілгендей, бұл акцияны елордалық еңбек ұжымдары мен жекеменшік кәсіпорындар да қолдап отыр.