Астана әкімдігі аязды күндері сабақтардың болатын не болмайтындығы туралы білуге болатын ақпарат көздерін атады

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімдігі аязды күндері білім беру мекемелерінде сабақтардың болатын не болмайтындығы туралы білуге болатын ақпарат көздерін атады.

Астана әкімдігі аязды күндері сабақтардың болатын не болмайтындығы туралы білуге болатын ақпарат көздерін атады

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ата-аналар аязды күндері білім беру мекемелерінде сабақтын болатын не болмайтындығын «31 арнаның» жүгіртпе жолынан - бірінші ауысымда оқитындар үшін сағат 6.45-тен 7.45-ке дейін шығатын, екінші ауысымдағылар үшін 12.15-13.00 уақыт аралығында шығатын хабарландырулар арқылы біле алады.

Онымен бірге, ақпараттар «Деловая волна» радиосынан (103,2 ҒМ), күнделікті, таңертеңгі сағат 9.00-де (жексенбіден басқа күндері) айтылады.

Оқушылар мен ата-аналар сондай-ақ 118-1 (9.00-18.00), 325-006 немесе ақылы 169 телефон нөмірлеріне хабарласып, біле алады.

Сонымен қатар баспасөз қызметі, күннің қандай жағдайларында сабақтардың болмайтындығын анықтап берді: егер ауа температурасы Цельсий бағаны бойынша -25 және одан төмен болып, желдің жылдамдығы секундына 2 метрді құраса - 1-4 сыныптар аралығында сабақтар болмайды.

Желдің күші секундына 2 метрді, ауа температурасы -30 және одан төмен болса, 1-9 сыныптар аралығында оқитын оқушылар сабаққа бармайды.

Егер термометр бағаны -35 және одан да төмен градусты көрсетсе және желдің екпіні 2 м/с-ты құраса, сабақтар оқушылар үшін ғана емес, кәсіби лицейлер мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін де болмайды.

Айта кетейік, желдің жылдамдығы секундына 2 метрден асса температура -5 градусқа артады.