Астана әкімдігі азық-түлік бағасының негізсіз көтерілуін хабарлауды сұрайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігі негізсіз көтерілген бағаны Астана қ. Интеллектуалды байланыс орталығы операторының Фейсбуктегі парақшасына хабарлауды сұрайды.

Астана әкімдігі азық-түлік бағасының негізсіз көтерілуін хабарлауды сұрайды

«Құрметті елорда тұрғындары!

Астана қаласының ауыл шаруашылығы басқармасы әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің бағаларына күн сайын мониторинг жүргізетіндігін хабарлаймыз. Жалпы алғанда азық-түлік базарында бағалардың күрт өсуі, оның ішінде сиыр мен жылқы етіне байқалмайды. Сиыр етінің орташа бағасы 1 150 теңге, ал жылқы еті 1400 теңге тұрады.

Бағалардың негізсіз көтерілуі жағдайында, «Astana 109» ресми парақшасына "Facebook" желісіне және "Instagram" желісіне ‪#‎astana109 хэштегімен жолдауды өтінеміз.

Сондай-ақ «Smart Astana» мобильдік қосымшасына (Android платформасындағы «Play Market»-те бар) өз өтінішіңізді фотоматериалды қоса тіркеу арқылы жолдай аласыз («Байланыс орталығы» бөлімінде), немесе 109 нөмірі арқылы бағаның көтерілу фактісі жайлы хабарлай аласыз», - деп жазылған хабарламада.