Астана әкімдігі балаларды балабақша кезегіне интернет арқылы қоюға мүмкіндік беретін веб-портал ашты

АНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астана қаласының тұрғындары балаларын балабақша кезегіне енді интернет арқылы қоя алады.
None
None

Бүгін қала әкімдігі мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға мүмкіндік беретін www.e.astana.kz ресми сайтын іске қосты.

Баспасөз мәслихатында мәлім болғанындай, қазір елорда әкімдігі мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес қызметтердің 43 түрін ұсынып отыр. Халық жиі қолданатын соның 15-і www.e.astana.kz веб-порталы арқылы электронды түрде көрсетіле бастады.

Астана қаласы әкімі аппараты ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі, порталды әзірлеуші Айдын Кәрімовтің айтуынша, таяу екі жылда мемлекеттік қызметтердің барлық 43 түрі электронды түрде көрсетілетін болады. А.Кәрімов анықтағандай, бұл - қызметтерді қолданудың баламалы түрі ғана, оларды құзырлы органдарға барып, не болмаса Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алу мүмкіндігі қолданыста қала береді.

Порталдың қызметтері салықтық төлемдерді қажет етпейтін қызметтер түріне - тегін және ол аптаның барлық күнінде тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді. Жаңа жүйенің екі қауіпсіздік деңгейі бар, бұл - веб-порталға қосылу арнасының қорғалуы және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) арқылы берілетін тапсырысты қосымша растауға арналған электрондық сандық қолтаңба. Электрондық сандық қолтаңбаны электронды үкіметтің сайтынан, сондай-ақ ХҚО-дан алуға болады.

Әкімдік өкілі мәлім еткендей, жоба бір жыл бойы әзірленді. Оның жалпы құны - 30 млн. теңге.

Соңғы жаңалықтар