Астана әкімдігі бірқатар компаниялармен әріптестік орнатты - АЭФ

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін елордада VI Астана экономикалық форумында Астана қаласы әкімдігі бірқатар компаниялармен өзара әріптестік туралы екіжақты меморандумдарға қол қойды.

Астана әкімдігі бірқатар компаниялармен әріптестік орнатты - АЭФ

Атап айтқанда, әкімдік «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Sovico Holdings», «Indox Cryo Energy S.L.», «SampoRosenlew LTD», «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, «Энергия» ҮЕҰ, «Ragni SAS», Business Process Outsorcing Company», «Allur auto», «ASTANA Ютария LTD», «Арнайы құрал-жабдықтар зауыты» ЖШС компанияларымен келісім жасасты.

Астана қаласы әкімдігі атынан меморандумдарға қала әкімінің орынбасары Қанат Сұлтанбеков қол қойды.