Астана әкімдігі екі күмәнді құрылыс салушыларды анықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігі жанындағы жер комиссиясы елордалық тұрғын үй нарығында жұмыс істейтін екі құрылыс салушының әділдігіне күмән келтіруде.
Бұл туралы Астана қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Кивенова мәлім етті. Басқарма өкілі күдіктілердің есімдерін атамады. Оның айтуынша, олардың нысандарының үлескерлері 20 адам.
«Әзірге компанияның аттарын атамаймыз. Оларға құжаттарын сәйкестікке келтіруге уақыт берілді. Егер келіссөз еш нәтиже бермесе, онда нысандары бойынша құжаттар тиісті шешімдер қабылдау үшін Астана қалалық ІІД-ге берілетін болады», - деді ол.