Астана әкімдігі: Ет алған кезде сатушылардан ветеринарлық анықтаманы талап ету керек
![None None](/static/img/plug.webp)
«Қауіпсіздік мақсатында рұқсат етілмеген жерлерден ет, сүт өнімдерін сатып алмауға кеңес береміз.
Сауда нысандарында мал шаруашылығы өнімдерін сатып алу кезінде оның денсаулық үшін зиянсыз екендігіне көз жеткізу керек. Сатып алушыларға сатушылар ветеринарлық сертификат пен зертханалық сынақтардың қорытындысын көрсетуге міндетті», - деп жазылған хабарламада.
Ет алған кезде сатушылардан малға қажетті вакциналардың жасалғандығы көрсетілетін ветеринарлық төлқұжатты немесе ветеринарлық анықтаманы талап ету керек.
Ветеринарлық дәрігерлер малды соймас бұрын оны алдымен тексереді, содан кейін зертханалық сараптаманың нәтижелері жазылған ветеринарлық анықтама береді. Малды ветеринарлық-санитарлық талаптарды сақтай отырып, тек рұқсат етілген жерлерде ғана сою керек. Қазіргі кезде Астанада мал союға арналған үш орын бар.