Астана әкімдігі халықтан көмек сұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімдігі азық-түлік бағасының жөнсіз қымбаттауын бақылау үшін жұртшылықтан көмек сұрады.

Астана әкімдігі халықтан көмек сұрады

«Халықтан сұрарымыз, азық-түлік бағасы қымбаттаған фактілер туралы 109 телефоны арқылы хабарлауларыңызды сұраймыз. Нөмер тәулік бойы жұмыс істейді. Қазір әкімдік монополияға қарсы органмен тығыз ынтымақтастық орнатып, егер баға жөнсіз қымбаттаса, әкімшілік жаза қолданылады»,-деді бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында елорда әкімінің орынбасары Андрей Лукин.

Ғаламтор қызметін үнемі пайдаланатын азаматтар осындай фактілер туралы astana.gov.kz сайтындағы «Халықтық бақылау» айдарына хабарлай алады.