Астана әкімдігі құрбандық шалынатын орындарды бекітті

АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат -  Астана әкімдігі Құрбан айт мерекесіне орай құрбандыққа шалынатын малдарды сату, сою және таратуға рұқсат етілген орындарды бекітті. Бұл туралы бүгін «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Төлеби Оспанов айтты.
None
None

«Биылғы жылы 26-27-28 қазан күндері болатын Құрбан айт мерекесіне орай Астана қаласының әкімдігі санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтау мақсатында құрбандыққа шалынатын малдарды сату, сою және таратуға рұқсат етілген арнайы орындарды бекітті», - деді ол.

Наиб имамның атап өтуінше, құрбандық малдарын сатып алу және сою «Алтын таға» мал базарында, сонымен қатар «Пищекомбинат-Астаналық плюс» ЖШС, «Нұрбереке 555» ЖШС, «Шаумен» шаруа қожалығы, «Темеш» шаруа қожалығы, «Мақсат 2007» ЖШС, «Теміржолшылар» тұрғын алабы мекен-жайларында ғана жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар