Астана әкімдігі мерекеге «Наурыз-Думан» үлкен концерттік бағдарламасын әзірлеуде

АСТАНА. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат – Елорда әкімдігі Наурыз мейрамына «Наурыз-Думан» үлкен концерттік бағдарламасын әзірлеуде,

Астана  әкімдігі мерекеге «Наурыз-Думан» үлкен концерттік бағдарламасын әзірлеуде
деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық мәдениет басқармасына сілтеме жасап.Мереке күндері Президенттік мәдениет орталығында Жәнібек Кәрменовтың 60 жылдығына арналған «Ағалар» деп аталатын еске түсіру кеші өтеді. Концертті Астана қаласының Мемлекеттік филармониясы Қазақ ұлттық музыка академиясы үрлемелі оркестрінің дирижері Абзал Мұхитдиновтың басшылығымен ұйымдастырылады. Мейрам қарсаңында астаналықтар мен елорда қонақтары үшін Конгресс-холда ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаев пен жас әнші Еркін Нұржанов арнайы өнер көрсетеді.Мереке наурыздың 22-сінде «Қазақ елі» монументінің жанында үлкен театрландырылған концерттік бағдарламаға ұласады.