Астана әкімдігі өткізген байқауда Ішкі істер департаменті «Ең үздік аймақтық құрылым» деп танылды

АНА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат - Астана әкімдігі өткізген байқауда «Ең үздік аймақтық құрылым» аталымы бойынша Астана қалалық Ішкі істер департаменті үздік деп танылды,

Астана әкімдігі өткізген байқауда Ішкі істер департаменті «Ең үздік аймақтық құрылым» деп танылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Биыл алғаш рет Астана әкімдігі қалалық құрылымдардың арасында конкурс ұйымдастырған болатын. Бүгін қоластындағы департамент басшыларын жиып, кезектен тыс актив жиналысын өткізген қала әкімі Иманғали Тасмағанбетов байқаудың жеңімпаздарын марапаттады.

 Рәсім кезінде елорда дамуына қызмет етіп келе жатқан ұжым басшыларына қала әкімі алғыс жариялады. Қатысушылардың барлығын келе жатқан Астана күні мерекесімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

 «Ең үздік аймақтық құрылым» аталымы бойынша Астана қалалық Ішкі істер департаменті жеңімпаз деп табылды. Өз ұжымына бұйырған сыйлықты департамент басшысы, полиция полковнигі Марат Демеуов әкімнің қолынан алды.

 Бұдан басқа  «ең үздік әкімшілік», «ең үздік басқару», «ең үздік коммуналдық кәсіпорын» аталымдары бойынша жеңімпаздар марапатталды.