Астана әкімдігі Семей полигонынан зардап шеккендерге қаржылық көмек көрсетпек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Семей полигонынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін қаржы бөлуді жоспарлап отыр. Бұл жайында қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Бақтияр Гарифуллин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Мәслихат шешімінің жобасында Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар барысында зардап шеккен тұлғаларға атаулы даталарда 2,5 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК - 2917 теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету көзделген. Бұл санатқа зейнеткерлер мен бірреттік әлеуметтік өтемақы алушыларды қосамыз», - деді ол қалалық қоғамдық кеңес отырысында.

Оның атап өтуінше, аталған әлеуметтік көмек жүзеге асқан жағдайда қала бюджетінен 6,4 млн теңге қажет болады.

«Бұл мәселе бойынша бізге Семейде зардап шеккендер қоғамына кіретін қоғамдық бірлестіктен жүгінді. Сондықтан бұл іс-шараны қоғамдық кеңес талқылауына шығарып отырмыз», - деді Бақтияр Гарифуллин.


Соңғы жаңалықтар