Астана әкімдігі супермаркеттердегі ұзын-сонар кезек проблемасын шешуге ниетті

АСТАНА. Қазақпарат - Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков кезекті аппараттық жиын өткізді, оняың барысында мәселесіі талқыланды.

Астана әкімдігі супермаркеттердегі ұзын-сонар кезек проблемасын шешуге ниетті

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде тұрғындар тарапынан аталмыш сауда орындарындағы қызмет көрсету мен сол мекемелер деңгейінің төмендігіне көп сын айтылады, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

- Елорда дүкендерінде қандай жағдайларға тап болғандары туралы тұрғындардың наразылықтары мен шағымдары өте көп, - деді қала басшысы.

Одан өзге, астаналықтар супермаркеттердегі есеп айырысатын кассалардың жеткілікті болғанына қарамастан олардың тек екі-үшеуі ғана жұмыс істейтіндігіне наразы. Ал, бұл жағдай ұзын-сонар кезекке әкеп соғады.

Әкім Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірге қаладағы ірі сауда орталықтары иелерімен аталған мәселелерді шешу бойынша тиісті жұмыс жүргізуді тапсырды.