Астана әкімдігі зейнеткерлер мен мүгедектерге көмір сатып алуға 20,9 млн теңге бөлді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл елорда әкімдігі зейнеткерлер мен мүгедектерге көмір сатып алу үшін бірреттік жәрдемақы төлеуге бюджеттен 20,9 млн теңге бөліп отыр. Бұл туралы Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «Сарыарқа» ауданы бойынша әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау бөлімінің басшысы Салтанат Стамбаева мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Бүгінгі таңда әлеуметтік көмек көрсетудің көлемін белгілеу және кейбір азаматтардың категориясын анықтау ережесіне сәйкес, көмірді сатып алу бойынша әлеуметтік көмек кәрілік жасына байланысты зейнеткерлерге және мүгедектерге ғана беріледі. Ал көпбалалы отбасыларға жеңілдіктер қарастырылмаған. Әлеуметтік көмек көрсету ережелеріне сәйкес, жер үйде тұратын зейнеткерлерге жәрдемақы беріледі. Зейнеткердің өз атында үй болса және басқа қалада екінші үйі болмаған жағдайда, сондай-ақ отбасына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген көлемінен аспаса (отбасының табысы 82 548 теңгеден аз болса), көмірді сатып алуға көмек көрсетіледі. Әлеуметтік көмектің мөлшері 18 152 теңгені құрайды. Яғни, бұл ережеге сәйкес, көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшері 8 АЕК-тен аспауы керек. Әлеуметтік көмек 15 қазаннан 15 сәуір аралығында бірреттік тәртіппен ғана беріледі», - дейді Салтанат Стамбаева.

Оның айуынша, дәл осындай көмек үш топтың мүгедектеріне де қарастырылған. Демек, бір отбасыда бір мүгедек адам болса, ол мекенжай анықтамасы арқылы жәрдемақыға өтінім береді. Егер әлеуметтік көмек алатындар біреудің үйін жалдап тұрып жатса, ол үй иесімен отырған келісімшарт арқылы әкімдікке өтінім бере алады.

«Аталған екі топқа көмір сатып алу бойынша көмек көрсету үшін жергілікті бюджеттен 20 млн 900 мың теңге бөлініп отыр», - деп түйді Салтанат Стамбаева.

Соңғы жаңалықтар
Референдум