Астана әкімдігі жылдың соңына дейін мемлекеттік бағдарлама бойынша 5690 пәтер беруді жоспарлап отыр

АСТАНА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - Астана әкімдігі жылдың соңына дейін 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша 5690 пәтер беруді жоспарлап отыр.
None
None

Елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов әкімдік сайтындағы «Сұрақ-жауап» айдарында қойылған сауалға берген жауабында осылай деді.

«2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша салынып жатқан барлық 5690 пәтерді ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Дайын тұрғын үй кешендері пайдалануға беріле салысымен, баспаналарды бөлетін тұрғын үй комиссиясының мәжілістері шақырылуда. Қазіргі таңда тұрғын үй қорында 900 пәтер тіркеліп жатыр, ол пәтерлердің кілттері қыркүйек-қазан айдарында беріледі», делінген әкімнің жауабында.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы шілденің 23-і мен тамыздың 5-інде тұрғын үй комиссиясының екі отырысы өтіп, 1372 қоныс иесі бекітілген болатын. Тағы 4240 адам кезекте тұр.

Соңғы жаңалықтар