Астана әкімдігі жылыту маусымына әзірленуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында алдағы маусымда тұрғын үйлерге, әлеуметтік-мәдени нысандарға жылу беру, сондай-ақ сумен қамтамасыз ету және су ағызу кестеге сәйкес жүргізіледі.
Бұл туралы Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен өткен жиналыста үш аудан әкімі мен қаланың энергия нысандарының және қалалық ведомство басшылары баяндады.
Аудан әкімдері ағымдағы жағдай мен 2017-2018 жылдарғы жылыту маусымына дайындық жайында айтып берді.
Энергия көздерінің, жылу және электрмен қамту желілерінің жылыту маусымына дайындығы жөнінде «Астана-Энергия» АҚ, «Астана-Теплотранзит» АҚ, «Астана-РЭК» АҚ,
«Астана қалалық жарық» ЖШС, Астана су арнасы» МКМ, Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің жетекшілері есеп берді.
«Астана Теплотранзит» мәліметінше, бүгінгі таңда 52 жылу магистралінің 48-іне сынақ жүргізілді, бұл барлық көлемнің 92% құрайды. Қалған 4 жылу магистралін 29 қыркүйекке дейін сынау жоспарлануда. Энергия көдерінің жалпы дайындығы 67% құрайды, оның ішінде ЖЭС-1 - 66%, ЖЭС-2 - 62%, аудандық қазандықтар - 73%.
ЖЭС-1-де көмір қоры 36 766 тоннаны құрайды (101% немесе 20 тәуліктік қордан 20,3 күн 36 140 тонна), мазут - 4122 тонна (5819 - қор); ЖЭС-2-де - көмір қоры 313 263 тонна (162% немесе 20 тәуліктік қордан 33 күн 185 420 тонна), мазут - 1513 тонна.
Электр желілерінің дайындығы -37,1%, жылу жүйелері - 72,5%, сумен қамтамасыз ету жүйелері - 63,5%, су ағызу желілері 45% әзір.
Бүгінгі таңда Астананың орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 2567 әлеуметтік нысанының 2334 нысаны жылыту маусымына дайын, бұл 91% құрайды. Оның ішінде:
2360 тұрғын үй қорының 2132-і немесе 90% дайын;
35 денсаулық сақтау нысанының барлығы 100% дайын;
159 білім нысанының 155-і дайын немесе 97% дайын;
13 мәдениет нысанының 12-сі немесе 92% дайын.