Астана әкімдігінде бірқатар кадрлық өзгерістер болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков аппараттық кеңес барысында ұжымға аумақтық бөлімшелердегі және әкімдікке ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдағы жаңа басшыларды таныстырды.
None
None

Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Астана қаласы бойынша Ветеринарлық бақылау және қадағалау аймақтық инспекциясының басшысы болып Айтбай Тайжанов, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып Дүйсен Әділханов тағайындалды.

Астана қаласы әкімінің өкімімен жаңа Мемлекеттік сатып алулар басқармасының бастығы болып Олжас Бектенов тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар