Астана әкімдігінің екі басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігінде бірқатар кадрлық тағайындаулар болды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

«Астана қаласы әкімінің өкімдерімен: Бисембаев Қайрат Әшіралыұлы - Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы; Ахметов Ербатер Қасембайұлы - Астана қаласының Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды»,-делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, жергілікті мемлекеттік базалық құрылым негізінде қалыптасқан «Қазақстан Республикасының елордасын басқару сызбасында» үш жаңа басқарманы (Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы және Мемлекеттік сатып алу басқармасы) құру қаралған болатын.

Бұған дейін хабарланғандай, Астана қаласы әкімінің өкімімен қалалық мемлекеттік сатып алулар басқармасының бастығы болып Олжас Бектенов тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар
telegram