Астана әкімдігінің газеттеріне жаңа басшы келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігінің газеттеріне жаңа басшы келді, деп хабарлады ресми БАҚ.

Астана әкімдігінің газеттеріне жаңа басшы келді

Астана әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2015 жылғы 2 ақпанда Сергей Кузовников «Астана ақшамы» ЖШС директоры болып тағайындалды. Енді «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттеріне басшылықты бір ЖШС жүзеге асырады. Басылымдардың бұрынғы басшылары өз еркімен қызметтерінен кетті. Серіктестік енді қалай аталатыны әзірге түпкілікті шешілген жоқ, деп атап өтті баспасөз қызметінен.