Астана әкімдігінің қызметкерлері актерлік қырларынан танылды

АСТАНА. ҚазАқпарат -Астана қаласы әкімінің қызметкерлері жаңа, актерлік қырларынан танылды.

Астана әкімдігінің қызметкерлері актерлік қырларынан танылды

Олар әлеуметтік бағыттағы ролик түсіріп, басты кейіпкерлер рөлін өздері сомдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қаласы әкімінің кеңесшісі Қайсар Жұмабайұлы Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында «Астана - мейірімділер қаласы» атауымен бір минуттық ролик орналастырды. Түсірілімде елорда тұрғындарының әртүрлі жағдайларда танытқан мейірімділіктері, адалдықтары мен патриоттық сезімдері туралы баяндалады.

Қ.Жұмабайұлының сөзіне сенсек, ролик қандай да бір қаржыландырусыз түсірілді әрі кейіпкерлер ретінде әкімдік қызметкерлері мен олардың жолдастары жұмылдырылған.

«Әкімдіктің баспасөз қызметінің жастары: «Роликті жылдам әрі ақшасы өзіміз-ақ түсіре аламыз», - деді де, сенбі күні осындай дүние түсірді. Басты кейіпкерлер олардың достары және әкімдіктегі әріптестері. Міне, осындай шығармашыл адамдар, қатал бағалай көрмеңіздер», - деп жазды әкім Әсет Исекешевтің кеңесшісі.