Астана әкімі 150 балаға жаңажылдық мереке ұйымдастырды

sp;АСТАНА. Желтоқсанның  26-сы.  ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ -  Астана әкімі 150 жетім   және    көпбалалы  отбасынан шыққан балаға   жаңажылдық мереке  тарту етті.
None
None

Қала әкімінің  бүгін,  желтоқсанның 26-сында  өтіп жатқан   шыршасына Астана балалар үйінің, «SOS Киндердорф»   балалар ауылының,   кәмелетке     толмағандарға арналған панажай  орталығының  және басқа да    мекемелердің  тәрбиеленушілері  қатысуда.      Қала   басшысының атынан  жас қонақтарды құттықтаған  әкімнің   орынбасары Әмірхан   Рахымжанов,  оларға    зор денсаулық   және   оқуда   табыстар тіледі.

Балаларға арналып  Аяз  Ата мен Қарша Қыздың, ертегі  кейіпкерлерінің    қатысуымен   театрландырылған      қойылым  ұйымдастырылды.      «Жұлдызды сәт»,  «Астана жастығы»     эстрадалық    студиялары  мен   «Бәйтерек»  және  «Шоқжұлдыз»     би ансамбльдерінің өнер ұжымдары    қонақтардың алдарында өнер көрсетті.

Соңғы жаңалықтар