Астана әкімі әлеуметтік-мәдени нысандардың басшыларына жылу мерзіміне дайындық куәліктерін ресімдеуді бір аптада аяқтауды тапсырды

АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов қалалық білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарының басшыларына жылу мерзіміне дайындық куәліктерін ресімдеуді бір апта ішінде аяқтауды тапсырды.
None
None

И.Тасмағамбетов, жылу маусымына дайындық мәселелері білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салалары басшыларының жіті назарында қала беруі тиістігін қадап айтып, қысқа әзірлік туралы куәліктерді ресімдеуді бір аптаның ішінде аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ ол, барлық нысандарда жылу беруді реттейтін және есептейтін жүйелерді орнатуды, өртке қарсы жүйелерді жөндеу және оларды қалпына келтіруді, дабыл жүйелерін орнатуды қолға алуды сондай-ақ, үстіміздегі жылы іске қосылған балабақшалардың, білім беру мекемелері мен басқа да әлеуметтік-мәдени нысандардың инженерлік жүйелеріндегі ақаулықтарды жоюды жүктеді.

Әкімнің сөзіне қарағанда, бас қаладағы әлеуметтік-мәдени ұйымдарды қысқа дайындау толығымен аяқталған болса, тұрғын үйлерде бұл жұмыстар әлі де жүргізілуде. «Жылу маусымының қалыпты өтуін қамтамасыз ететін барлық кешендер бізде жалпы жаман емес. Сондықтан маусымға дайындық бар деп айтуға негіз бар», - деді ол.

Айта кетейік, Астанада орталықтан жылытылатын үйлерге жылу алдағы қазан айының 15-інен бастап беріледі.

Соңғы жаңалықтар