Астана әкімі «Джиро д'Италия» веложарысын тамашалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков қазақстандық «Астана» командасының өкілі Фабио Ару жеңіске жеткен итальяндық «Джиро д'Италия» Гранд-турының 20-шы кезеңіне барды, деп хабарлайды Vesti.kz.
None
None

Астана әкімі жарыстың барысын команданың бас менеджері Александр Винокуров және Қазақстанның велоспорт федерациясының президенті Дархан Қалетаевпен бірге тамашалады.

«Осындай кезеңге бірінші рет келіп отырмын. Біздің «Астана» командасы өте танымал. Қазір ғана үлкен спорттық газеттің бас редакторымен кездестім, ұйымдастырушылардың бағалары бойынша, «Астана» - ең жақсы ұйымдасқан әрі мықты командалардың бірі. Бұл, әрине, Қазақстан үшін, бірінші кезекте Астана қаласы үшін мақтаныш», - деді өз сөзінде Астана қаласының әкімі.

Айта кетейік, 199 шақырымдық «Джиро д'Италия» веложарысының 20-шы кезеңінде «Астананың» итальяндық велошабандозы Фабио Ару алғашқы болып мәреге жетті. Ал екінші болып «Cannondale-Garmin» клубынан канадалық Райдер Хешедаль мәре сызығын кесті, «Etixx - Quick-Step» командасынан колумбиялық Ригоберто Уран көшбасшылар үштігін тұйықтады.

Соңғы жаңалықтар