07:30, 01 Мамыр 2017 | GMT +5
Астана әкімі елорда тұрғындарын Бірлік күні мерекесімен құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әкімі бүгін қала тұрғындары мен қонақтарын Қазақстан халқының Бірлігі күні мерекесімен құттықтады. Әкімнің құттықтауы бүгін қала әкімдігінің ресми сайтында жария етілді.
«Құрметті астаналықтар және қала қонақтары! Сіздерді 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын! Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында елімізде түрлі ұлыстар бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуде. Әлемде баламасы жоқ қоғамдық институт - Қазақстан халқы Ассамблеясы берекенің ұйытқысына айналды. Ынтымақ пен бірлік - Қазақстанның басты байлығы. Ішкі татулығымыз берік болып, еліміз өркендей берсін. Мерекеден мерекеге жақсылықпен, жаңа табыспен жете берейік»,-делінген әкімнің құттықтауында.