Астана әкімі Головкинге қолдау білдіру сөздері жазылған инсталляцияны көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада түнгі уақытта көпқабатты үйлердің сыртында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қолдау білдіру сөздері шығады.

Астана әкімі Головкинге қолдау білдіру сөздері жазылған инсталляцияны көрсетті

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Фейсбуктегі жеке парақшасында «Алға, GGG! Мы в тебя верим!» сөздері жазылған жарық инсталляциясы түсірілген видеомен бөлісті. Жүгіртпе жол «Самал» шағынауданындағы көпқабатты жеті тұрғын үйдің сыртқы бетіне орналастырылған.

Еске салайық, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйек күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile» аренада өтеді. Оны «Qazaqstan» мен«Qazsport» телеарналары тікелей эфирден 17 қыркүйек күні (уақыт айырмашылығына байланысты) көрсетеді. Головкин-Альварес айқасы сағат 8.50-де басталады.