Астана әкімі халық көп жиналатын жерлерде темекі тартатын орын ашуға ниетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада темекі шегуге арналған орындар пайда болуы мүмкін.
Астана әкімі Әсет Исекешев өзінің Facebоok парақшасында арнайы темекі тартуға арналған орыны бар Сингапур жағалуының фотосын жариялады. Бұл жазбасында ол: «Толық келісемін. Астанада да дәл осындай орындар ашамыз. Өскелең ұрпақты ойлау керек», - деп жазды.
Фотоны бұған дейін Астана тұрғыны Марат Толыбаев жариялаған еді.
«Сингапурдың Марина Бей жағалауында арнайы темекі шегетін орындар бар. Яғни, кез келген жерде темекісін ұстап, өткен-кеткенге улы түтін үрлеуге болмайды. Менің ойымша, бұл дұрыс шешім. Қалай болғанда да, халық көп жиналатын орындарға керек-ақ», - деп жазған болатын Толыбаев.