Астана әкімі И.Тасмағамбетов 7-қысқы Азия ойындары мен 16-жазғы Азия ойындарының жеңімпаздарына пәтер кілттерін табыс етті

АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов 7-қысқы Азия ойындары мен Гуанчжоуда өткен 16-жазғы Азия ойындарының жеңімпаздарына пәтер кілттерін табыс етті.
None
None

Елорда әкімі спортшыларды байрақты додадағы жеңістерімен құттықтай келе: «Көптен күткен, дайындалған Ақ Азиада өз мәресіне жетті. Бұл тұтас Қазақстанның абыройы деп есептеймін. Сонымен қатар сіздер Астананың да атағын әлемге тағы бір шығардыңыздар. Әрбір жеңіс, бұл жеке адамның емес, ең алдымен елдің, халықтың, туған жерің мен қалаңның жеңісі. Сондықтан сіздердің жеңістеріңізге ел болып қуандық. Қазақстан бұған дейін Азия ойындарында бірінші орын алып көрген емес. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына сіздер - жастар бірінші болып жеңіске жетіп, үлкен сый жасадыңдар», - деп атап өтті.

Пәтер кілттерін барлығы 10 спортшы алды. Олар - бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 16-жазғы Азия ойындарының жеңімпазы Данияр Елеусінов; бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 16-жазғы Азия ойындарының қатысушысы Виталий Левит; әйелдер күресі бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 16-жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Айым Әбілдина; дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 16-жазғы Азия ойындарының қатысушысы Тимур Болат; көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жекелей және командалық есепте 16-жазғы Азия ойындарының жеңімпазы Анна Алябьева; Астана қаласы құрамасының жаттықтырушысы, 16-жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, Азия чемпионы Мая Зейнулина; спорттық бағдарлаудан спорт шебері, 7-қысқы Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы Михаил Сорокин; спорттық бағдарлаудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 7-қысқы Азия ойындарының төрт дүркін жеңімпазы Ольга Новикова; спорттық бағдарлаудан спорт шебері, 7-қысқы Азия ойындарының жеңімпазы Элмира Молдашева және еркін күрестен 16-жазғы Азия ойындарының қол жүлдегері Леонид Спиридонов.

Соңғы жаңалықтар