Астана әкімі ІІД-інен вокзал аумағын «түнгі көбелектерден» тазарту бойынша шара қабылдауды талап етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен өткен аппараттық жиын барысында қаладағы өзекті мәселенің бірі вокзал аумағындағы жағдай талқыланды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Астана әкімі ІІД-інен вокзал аумағын «түнгі көбелектерден» тазарту бойынша шара қабылдауды талап етті

Қайыршылар, «түнгі көбелектердің» қызметін ұсынатын сутенерлер және вокзал аумағындағы қым-қуыт тірліктің бәрі қала тұрғындары мен қонақтары тарапынан айтылатын көп сынға түрткі болады.

- Мысалы, «Вечерняя Астана» газетінің сенбілік нөмірінде тілші өзге қаладан келген адам ретінде көрініп, вокзал аумағындағы өмірдің барлық қыр-сырын ашып берген. Бұл кеше ғана орын алған жағдай емес. Ішкі істер департаментінен вокзал аумағын тазарту бойынша шара қабылдауды талап етемін, - деді әкім Әділбек Жақсыбеков.