Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов Орыс Православ шіркеуінің жоғары наградасымен марапатталды

АСТАНА. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін елімізге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен арнайы келген Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовке Орыс Православ шіркеуінің әулие Серафим Саровский атындағы 2-ші дәрежелі орденін табыс етті,

Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов Орыс Православ шіркеуінің жоғары наградасымен марапатталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онда дінаралық төзімділік пен келісім, өзгелермен ортақ тіл табысуға, яғни диалогқа деген ұмтылыс Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың елде жүргізіп отырған саясатының басты бағыттарының бірі екендігін атап өткен Астана әкімі «Ал Успен соборының құрылысы Президенттің тапсырмасымен және оның тікелей қатысуымен жүрді. Осының өзі Қазақстандағы конфессияаралық келісімнің мәңгі сақталатындығын көрсетсе керек. Сіздің бүгінгі сапарыңыз еліміздің астанасындағы ең бір айтулы оқиғалардың бірі болатыны сөзсіз. Сіз православ сеніміндегі азаматтардың басшысы ретінде әлемде өзара сенім мен түсіністікті қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосып келесіз. Сол үшін де сізге зор алғысымды білдіргім келеді», деп атап көрсетті Астана әкімі.

Осы сөздерінен соң ол Мемлекет басшысының Патриарх Кирилдің Қазақстан астанасында болғандығына естелік ретінде арнайы дайындаған құдай ана бейнесіндегі иконасын тапсырды.

Успен кафедралдық соборының құрылысына үлес қосқаны үшін «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының басқарма төрағасының орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Тимур Құлыбаев Орыс Православ шіркеуінің әулие князь Даниил Московский атындағы 2-ші дәрежелі орденімен, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының президенті, Астананың бұрынғы әкімі Асқар Мамин Орыс Православ шіркеуінің әулие князь Даниил Московский атындағы 3-ші дәрежелі орденімен марапатталды. Мәртебелі меман марапатты Астанадағы өзге де бірқатар лауазым иелеріне табыс етті.