Астана әкімі: Конституция күні - елге деген құрметті нығайтатын ұлық мереке

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі Әсет Исекешов елордалықтарды Конституциясы күнімен құттықтады.

Астана әкімі:  Конституция күні -  елге деген құрметті нығайтатын ұлық мереке

«Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әр дәуірдің өзіне тән заңдары мен қағидалары болады. Қазақстан Конституциясы - мемлекетіміздің тәуелсіздігін, оның даму бағдары мен басқару принциптерін айқындаған маңызды құжат. Ата заң тәуелсіздігін жаңа алып, өміршең мұраттарға ұмтылған еліміздің тұрақтылығы мен дамуының алтын діңгегіне айналды.

Бүгінде Конституция күні халықты біріктіретін, елге деген құрметті нығайтатын ұлық мереке. Заңның үстемдігін орнықтыру, азаматтардың бойында құқықтық сана қалыптастыру,мемлекеттің келешегі тұрғысынан үлкен маңызға ие.

Бүгінде Қазақстан бүкіл əлем таныған айбынды да абыройлы елге айналды. Тəуелсіздік жылдары Елбасымыздың бас болуымен іске асқан жарқын өзгерістердің астарында Ата заңымыз аясында қабылданған заңнамалар жатыр. Елдігіміз мəңгілік, мерейіміз үстем болсын!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға береке, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!» деп жазылған құттықтауда.