Астана әкімі ҚР Парламентінің депутаттары мен Үкіметтен Пәтер иелері кооперативтерінің қызметіне қатысты Заңға өзгерту енгізуді сұрады

АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов ҚР Парламентінің депутаттары мен Үкіметтен жергілікті атқарушы органдар Пәтер иелері кооперативтеріне (ПИК) бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін және оларға қаржылық шығындар туралы есеп беруді міндеттейтіндей етіп, қолданыстағы тиісті заңдарға өзгертулер енгізуді сұрады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.И. Тасмағамбетов өзінің халық алдындағы есеп беру кездесуінде атап көрсеткендей, бүгінде көпқабатты тұрғын үйлердің өзекті проблемалары бойынша жауапкершілікті әкімдік өз мойнына алып отыр. Алайда, бұл мәселелерді «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңда белгіленгендей ,ПИК-тер шешуі тиіс. Солардың тиімді қызметінің арқасында қаладағы көптеген түйткілді мәселелер шешімдерін табады. Ал бүгінде Астанада 257 ПИК жұмыс істеуде. «Әдетте, тұрғындар ПИК-терге қатысты арыз-шағымдарын аудандық әкімдіктерге жолдайды. Заңнамалық тұрғыда бекітілгендей, тұрғындар ПИК-терді өздері жасақтап, оларға бақылау жүргізуі тиіс. Бірақ бұл жүзеге асырылмай отырғандықтан, ПИК-тердің тұрғындардан жиналған ақшаны жұмсауы ашық болмай отыр», - деді ол. Осы тұрғыда қала басшысы, аудан әкімдеріне осы айдың ішінде ПИК-термен жиналыс өткізуді тапсырды. Оның нәтижесі бойынша ПИК-тердің тұрғындар алдында есеп берулері енгізілетін болады деп күтілуде. Сонымен қатар, ол ҚР Парламентінің депутаттары мен Үкіметке атқарушы органдар Пәтер иелері кооперативтеріне (ПИК) бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін және оларға қаржылық шығындар туралы есеп беруді міндеттейтіндей етіп, қолданыстағы тиісті Заңдарға өзгертулер енгізуді өтінді.
Соңғы жаңалықтар