Астана әкімі ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шаңғы фестиваліне қатысты (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков биыл 16-шы мәрте өтіп отырған «Қыс өрнегі» атты шаңғы фестиваліне қатысты.
None
None

Биыл жарыс Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Ал, дәстүрлі фестивальге қатысқан елорда әкімі Ә.Жақсыбеков 1,6 шақырым жерді шаңғымен 10 минутта жүріп өтті.
Бұл дистанцияны бағындырғандар арасында қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, генерал-лейтенант Абай Тасболатовтар бар.
Жалпы, қала тұрғындары үшін ең қызықты спорттық шараға айналған шаңғы фестиваліне биыл үш мыңнан аса адам жиналған. Олардың басым бөлігі оқушылар мен студенттер болса, арасында күш құырылымдарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер де бар.
«ҚазАқпарат» тілшісіне сұхбат берген қатысушылардың бірі - Арман Сұлтанов осы фестивальге қатысу үшін әдейлеп, Щучинск қаласынан келген екен. Ат терлетіп келген Арман құр қол кетпей, күш құрылымдарындағы қызметкерлер арасында бірінші орын алып кетті.
«Спорт жарыстарының зияны жоқ. Бүгін мен 2 шақырым жерді шаңғымен жүріп өтіп, күш құрылымдары арасында жеңіске жеттім. Осылайша, жанымды да, тәнімді де қуанттым. Әрине, әскери қызметкерлер күнде таңертең жаттығу жасайды, сондықтан болар, жарыс маған қиындық туғызған жоқ. Ал, елордадағы бұл фестиваль өте керек», - дейді А.Сұлтанов.
Айта кетерлігі, шаңғы фестивалі аясында спорттың тағы сегіз түрі бойынша жарыстар ұйымдастырылады.
null
null
null
null
null
null
null
null
null
null
null
null
null
null
null
null
null
null

Соңғы жаңалықтар