Астана әкімі мен энергетика министрі ЖЭО-2-ні жаңғырту барысымен және ЖЭО-3 құрылысымен танысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков пен ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник 24 желтоқсанда қаладағы энергетикалық нысандардың жұмысымен, соның ішінде ЖЭО-2-ні жаңғырту барысымен және ЖЭО-3 құрылысымен танысты.

Астана әкімі мен энергетика министрі ЖЭО-2-ні жаңғырту барысымен және ЖЭО-3 құрылысымен танысты

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Бүгінгі таңда ЖЭО-2 №7 қазандық пен №5 турбинаны монтаждау, бас корпустың төбесін және күл үйіндісі ғимаратын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жалғасуда.

ЖЭО-3 су жылыту қазандығы мен қазандықтардың өздерін, ЖЭО-1 мен ЖЭО-3 арасында технологиялық құбырлардың эстакадаларын және жылу желілерін монтаждау жұмыстары қолға алынды.

Нысанның екінші кезегін салу 2018 жылға жоспарланып отыр, 550 тонна бу/сағ бойынша екі бу қазандығы агрегаттармен және 120 МВт жылуфикациялық турбоагрегаттармен екі энергоблокты орната отырып, ЖЭО-3 бас корпусының құрылысы жүргізілмек.

Жобаға инвестициялар тарту үшін «Астана Innovations» акционерлік қоғамы халықаралық институттардың қатысуымен ЖЭО-3 екінші кезегін салу бойынша үздік инвестициялық ұсыныстарды анықтауға ашық конкурс өткізу бойынша конкурстық құжаттама әзірлеп жатыр.

Бұған дейін, Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков электр энергиясы мен су беруді жоспарлы түрде ажыратуды тоқтатып, елорданың жылу-энергетикалық дамуы мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырған болатын.