Астана әкімі ТМД елдері өкілдерінің ішінде алғашқы болып Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының марапатына ие болды

СТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - Бейсені күні, маусымның 17-сінде медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шарада сөйлеген сөзінде Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев 2010 жылғы мамырдың 31-інде Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовке Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы марапаты тапсырылғанын хабарлады.
None
None

ДДСҰ мандатына сәйкес марапат елге емес, темекі тартуға қарсы күресте көшбасшылық танытқан және бұл істе ерекше нәтижелерге жеткен адамдарға беріледі.

«Иманғали Тасмағамбетов шын мәнінде, елдің денсаулық сақтау саласын дамытуға зор үлес қосты деп ойлаймын», - деді министр.

Астана әкімі ТМД елдері өкілдерінің арасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы марапатының құрметті иегері атанған алғашқы адам, деп атап көрсетті Ж.Досқалиев.

Соңғы жаңалықтар