Астана әкімі той серуеніне арналған көліктердің жүргізушілерінен көшеде дабыл белгісін орынсыз көп қолданбауды сұрайды

ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов үйлену тойларының ұйымдастырушылары мен жас жұбайлардан салтанатты серуенге арналған көліктердің дабыл белгісін орынсыз көп қолданбауды сұрайды.
None
None

Қала тұрғындарының бірі ғаламтордағы әкімнің блогына үйлену тойлары кезінде жас жұбайлар отырған көліктің жүргізушілері көшеде дабыл белгісін толассыз, үзбей қосады деп шағым білдірген. «Бұл әрине, әлдекімдер үшін қуанышты болар, алайда, менің ойымша, бұл мәдениетсіздіктің белгісі», - деп жазған елорда тұрғыны.

И.Тасмағамбетов жол полициясының қызметкерлері тойға қызмет көрсететін жалға берілетін лимузин көліктерінің иелері мен жүргізушілеріне түсіндіру жұмыстары үзбей жүргізіп отыратындығын жеткізді. Алайда, әкімнің айтуынша, бұл жұмыстардың нәтижесі әрдайым көңілдегідей болмайды. Сондықтан жыл басынан бері Астана қаласында салтанатқа арналған 484 көлік тоқтатылып, соның ішінде 407 жүргізуші жол жүру ережесін барынша бұзғандықтан, полиция тарапы оларға әкімшілік хаттама толтыруға дейін барған.

«Сондықтан, үйлену тойларын ұйымдастырушылардың кез келген жағдайда жол жүру ережесін сақтауын сұраймын, сондай жағдайда ғана, жас жұбайлардың бақытты күндері жол апатымен есте қалмайды», - деген сөз соңында И.Тасмағамбетов.

Соңғы жаңалықтар