09:50, 05 Сәуір 2010 | GMT +5
Астана әкімі Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру мәселесі бойынша интернет-конференция өткізеді
АСТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат - Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов бүгін, сәуірдің 5-і күні Қазақстан Республикасының «электронды үкімет» www.e.gov.kz веб-порталында интернет-конференция өткізеді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Конференцияға Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауының жүзеге асырылу барысы арқау болады.